Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау туралы ережесін бекіту
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясының) Төрағасының 2006 жылғы 28 маусымындағы № 108 бұйрығы
(2007.01.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 126 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі № 1642 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженің 6-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса тіркеліп отырған Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау туралы ереже бекітілсін.
2. Аумақтық қаржы полициясы органдарының басшылары осы бұйрықты жеке құраммен зерделеуін ұйымдастырсын.
3. 2001 жылғы 3 шілдедегі № 1562 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Қаржы полициясы академиясына қабылдау ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 80 бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары қаржы полициясының генерал-майоры А.И. Лукинға жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | С. Қалмұрзаев |
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі (қаржы полициясының)
Төрағасының
2006 жылдың 28 маусымындағы
№ 108 бұйрығымен бекітілді